Кеңесшіл ел азбайды

                ҚХА құрылған сәті­нен бастап қоғамдық инфрақұрылымдарды біріктірді. Бүгінде Ассамблея қамқорлығымен 1025 этномәдени бірлестік жұмыс істей­ді, оның ішінде 28-і республикалық мәр­тебеге ие. Елімізде 40 Достық үйі жұмыс іс­тейді. 2009 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚХА Ғылыми-сарап­тамалық кеңесі құ­рылды. Оның құра­мында ғалымдар, зерттеу институт­тарының басшылары мен қоғам қайрат­кер­лері бар. Барлық өңірлерде ғылыми-сараптамалық топтар құрылып, олардың қызметіне 300 ғалым мен сарапшылар тартылған. Осы топтар үшін өңірлердегі жо­ғары оқу орындары ғылыми база болып отыр. Яғни, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында ҚХА кафедралары жұмыс істейді.

Қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігінің әлемде жоқ теңдессіз ерекше өзіндік моделін жарық дүниеге әкелген Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл кезекті сессиясы да жүзден аса әр түрлі диаспора өкілдерінің басын қосып, талай әңгімелердің ағытылуына себеп болады. 

Бүгінгі таңда әлемде технология, экономика және адам өмірі мүлде өзгерді. Сол үшін ғаламдағы осы өзгерісті оң бағытта қабылдап, соған сай үйреніп, үйлесуіміз керек. Бірақ, осындай құбылмалы қоғамда мәңгілік құндылығымыз татулық пен береке-бірлікті сақтап қалу басты міндет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы бірінші наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен құрылған. Содан бері бұл ұйым 26 жыл бойы мемлекетіміздегі ынтымақ пен бірліктің басты ұйытқысы болып келеді.

Жанат МҰҚАШЕВ,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: