Ер есімі – ел есінде

Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округі мен Ақсу ауданының Қаракөз ауылдық округінің шекарасында ғасырлар бойғы аптап пен аязға сыр бермей келе жатқан зәулім кесене тұр.  Бұл Найман елі Матай руының Кенже тармағынан тарайтын Байғазы немересі Тобанұлы Байтулақ батырдың мәңгі қонысында бой көтерген кесенесі.

Жуырда ер Байтулақтың ұрпақтары ХІХ ғасырда ғұмыр кешіп, туған жерді дұшпан табанына таптатпаған баба кесенесінің алдына 13 тонналық ескерткіш тас әкеліп қойды. Бұл өткен ғасырлардың ірі тұлғасына деген бүгінгі буынның тағзымы, алғысы деп түсінуіміз керек.

Өз тілшіміз. 

Мәліметпен бөлісу: