Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық – сапалы білім бастауы

Иә, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық – сапалы білім бастауы, себебі «100 жаңа оқулық» болашаққа жарқын бетбұрыс. Өйткені Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында келешек жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқыту үрдісі енгізілді. Ол – Гуманитарлық білім. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жобаның мақсаты – гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, жастарға жаңашыл бағытта білім беру. Өздеріңіз білесіздер бұл 2018-2019 жылдан бері студенттердің оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып келеді.

Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды, оқушыларды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар десек, онда әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тілінде сөйлету өте тиімді әдіс. Өйткені, ол жоба жастарға тың серпін береді. Ең бастысы, жастар жаңа оқулықтағы бағыт-бағдарды дұрыс бағамдай алса болғаны. Себебі, технологияны меңгерудегі әлемдік озық тәжірибенің бағыты өте айқын. Қорыта келгенде, 100 жаңа оқулықтың қоғамдық сананы жаңғыртудағы ролі ерекше, өйткені, әлемнің озық деген оқулықтарын қазақ тіліне аудару арқылы біз білім, ғылым салаларындағы озық ойды жастардың санасына сіңіріп, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен теңесе алатын, бәсекелесе алатын ұлтты қалыптастырамыз.

Аударылған оқулықтарда: әлеуметтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, менеджмент, философия, психология мен экономика ғылымы қамтылған. Жақында жарық көрген 18 оқулықтың ішіндегі Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты туындысы ерекше көзге басылып тұр. Бұл Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен үндеседі. Бұл оқулықта қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндалған. Сол сияқты «100 жаңа оқулық» аясында аударылған кітаптарды жоғарғы оқу орындарында, мектепте оқу бағдарламасына енгізу арқылы білікті маман, білімді, жан-жақты дамыған, ойы жүйрік саналы шәкірттерді дайындауға болады. Бұл «100 жаңа оқулық» жастардың өз тілін бұрмаламай, таза сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлемдік маңызы бар кітаптарды қазақшаға аудару, оқу процесіне енгізу өте маңызды және өте қажет. Негізі бұның пайдасы бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеуде маңызы өте зор, өйткені олар білімнің негізі. Бұл «100 оқулықтардың» 3 артықшылығы бар, біріншіден, қазақ мектептерінде аударма жұмысын дамыту, екіншіден жоғары және орта, арнаулы оқу орындарында білім беруді жаңғырту. Үшіншіден, қазақ әдебиетін, ғылымын байыту, дамыту. Сонымен қатар білімнің озық жетістіктерін меңгеруге мүмкіншілік береді. «100 жаңа оқулықты» аудару арқылы қазақ тілінің қорын халықаралық ғылыми лексикамен байытады. Сол сияқты жоғары оқу орындарындағы білім мазмұны әлемдік деңгейге көтеріліп, еліміздегі аударма мектебін дамытуға зор үлес қосады. Қорыта келгенде қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» болашақта сапалы білім бастауы боларына сенімім мол, оған жоғарыда айтылған деректер негіз.

К. ҚАЛИЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы, Сарқан ауданының Құрметті азаматы.  

Мәліметпен бөлісу: