Өмір қауіпсіздігі өзекті

Жақында Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің желілік кестесіне сәйкес аталмыш ұйымның төрағасы қаламыздағы бірқатар мектепке дейінгі мекемелерді аралап балалардың өмір қауіпсіздігін тексеріп қайтты.

Атап айтқанда ұйым төрағасы Жанат Мұқашев, аудандық «Сарқан» газетінің тілшісі Партия Жеңісхан қаламыздағы «Ақбота», «Балдырған», «Құлыншақ», «Қарлығаш» бала-бақшаларына бас сұғып мекемелердегі балалардың өмір қауіпсіздігін ұйымдастыру, тәрбиешілерге арналған техника қауіпсіздік нұсқамалары қатталған құжаттармен танысып, осынау жұмыстардың іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқандығын білу мақсатында бөлмелерді аралап көрді. Тексеріс нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанат Мұхаметқалиұлы тарапынан тиісті тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: