«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тарландары» атты кездесу өткізілді.
Тәуелсіздік — кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Адам, тұтастай алғанда, ұлт өз бақытының ең биігін Тәуелсіздігінен көреді. Өзінің еркін ел, тәуелсіз мемлекет екенін сол арқылы дәлелдей алады. Осыған орай жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен кездесуге тәуелсіздік жылдары ауданның дамуына ерекше үлес қосқан, үздіксіз 38 жыл мемлекеттік қызметте аянбай еңбек етіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса мән бере отырып, халықтың мұң-мұқтажын, әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене атсалысқан, «Еңбек және әлеуметтік қорғау саласының үздігі» және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Сарқан ауданының құрметті азаматы Оралбек Шабденұлы Тертюбаев қатысып, жастарға өзінің еңбек жолын әңгімелеп берді. Кездесуде тәуелсіздік оңай жолмен келмегендігі жайлы айтылып, жастардың қойған сұрақтарына жауап берілді.
Айым ЕРЖАН,
«Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының»
маманы.