Біржанның белесі

Дәрігер — азаматтардың денсаулығын сақтап, дертіне шипа жанына жылу сыйлап, адам өміріне араша түсіп, дені сау сапалы ұлт қалыптастыруға, сол арқылы ел-жұртымыздың әл-ауқатын арттыруға үлес қосатын мәртебелі мамандық. Мектеп қабырғасында жүргенде — ақ осындай мамандықты еншілеуді арман тұтқан Уақанов Біржан Жәнібекұлы сол арманын  Семей медициналық университетінде оқу арқылы жүзеге асырды. Жас маман жолдамамен Сарқан аудандық ауруханасына келді де осы орында тәжірибе жинақтап, білікті хирургтардың сапын толықтырды. Біржанның тікелей өзінің араласуымен қаншама ота жасалып, қанша адамның өмірін ажалдан арашалап қалды.

Аудандық аурухананың хирургия бөлімі үздіктердің қатарынан табылады. Осынау жемісті жетістіктерге үлес қосқан Біржан Жәнібекұлының еңбегі ескеріліп, ауданның бас дәрігерінің орынбасары лауазымын жауапкершілікпен атқарып жүр.

Біржанның белесі жыл сайын биіктей бергей!

Өз тілшіміз. 

Мәліметпен бөлісу: