Ел тарихында алғаш рет орын алған саяси бәсекенің бәсі жоғары. Бүгінгі күні үміткерлердің 243-і талапқа сай деп танылды.
154 үміткер жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Оның ішінде 35 үміткер қайта сайлану арқылы дауысқа салынады.
«32
кандидат коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 70-і бюджеттік ұйымдардың
қызметкерлері, 10-ы уақытша жұмыс істемейді, 4-і қоғамдық
бірлестіктердің өкілдері, 6-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 3-і
зейнеткерлер (ІІМ және әскери)»,- дейді Алматы облысы сайлау
комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.
Айта кетейік, саяси
партиялармен ұсынылған үміткерлердің: 35-і (12,5%) жұмыс істеп тұрған
әкімдер, 10-ы мемлекеттік қызметкерлер, 20-ы коммерциялық құрылымдардың
өкілдері, 13-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 6-ы уақытша жұмыс
істемейді, 3-і қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, 1-і зейнеткер, 5-і
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.