«Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының тиімділігі

Заман талабына сай әр сала өз қызметінің халыққа тиімді жағын жетілдіріп, қол жетімді етуде. Онлайн форматта жұмыс атқару аясында халыққа қашықтықтан қызмет көрсету қызметтері қол жетімді болды.

Алмалы ауылдық округі бойынша «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары ашылып, ауыл тұрғындары  мемлекеттік қызметтер мен қажетті анықтамалар, балабақшаға кезекке тұру және мектепке тіркелу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ жергілікті жерден онлайн форматта сұраныстарын қанағаттандыра алады.  «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары Алмалы ауылдық округі бойынша: әкімшілік ғимаратында, Алмалы орта мектебінде, «Ер Төстік» балабақшасында, Алмалы дәрігерлік амбулаторияда және Тасарық орта мектебінде орналасқан.  Жалпы жыл басынан бері осы қызметтерді пайдаланып қажетті анықтамалар мен қызметтер алғандар саны 760 құрайды және бұл сан күн санап артып келеді.

  А. Нұрпейісова, Алмалы ауылдық округінің  бас маманы.                                                        

Мәліметпен бөлісу: