Қысылғанға көмек қолын созды

Мүмкіндігі шектеулі деген ұғым бар. Дегенмен тағдырдың қатал сынына дес бермеген осындай жандардың мүмкіндігін кеңейту он екі мүшесі сау адамдардың басты парызы.

Жуырда Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жантасов Бауыржан Алдабергенұлы өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтарды қолдау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылармен ашық әңгіме өріс алды. Өтініш-тілектері назарға алынды. Шара барысында Сарқан қаласының тұрғыны, 3-топ мүгедегі Алкина Оксананың қызы Алкина Каринаның құжаттарын реттеп, Сарқан гуманитарлық колледжіне оқуға түсуіне ықпал тигізуге уағдаластық орын алды. Көмекке мұқтаж жанның ойындағысын іске асыруға дер кезінде кіріскен аудандық мәслихат депутаты, гуманитарлық колледж директорының орынбасары Оксана Ракитянская тиісті құжаттар тізбесімен таныстырды. Осындай қиналғанға демеу болып, қысылғанға көмек беретін абзал жандарымыз арамызда аз емес.

Жомарт ИГІМАН,

аудандық мәслихаттың депутаты.

Мәліметпен бөлісу: