Егемен елдің тірегі

1 желтоқсан еліміз үшін елеулі мереке санатында. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты десек қателеспейміз. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған жерімізді сақтап, елімізді басқарып отырған Тұңғыш Президентіміз Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық.

Барша ұлтты бауырына басқан Қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден мақсат тұтқан. Елбасымыз береке-бірлігіміздің, татулығымыздың, тұрақтылығымыздың кепілі. Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылым. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – Елбасына алғысымыз шексіз!

М.Сеитбаев,

Жетісу орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: