Медицинаны дамытудың арқасында бүгінгі таңда диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістері – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкін болды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметтері бойынша осы жылдың 10 айында ЖТМҚ арқылы 15,1 мың науқас ем алды. 2020 жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 7,2 мың болған.Өткен жылмен салыстырғанда негізгі өсім МӘМС жүйесі есебінен көрсетілген қызметтерді құрайды. Қолжетімді технологиялар. Жоғары технологиялық медициналық көмек қымбат тұрады және оны мамандандырылған медициналық ұйымдарда біліктілігі жоғары бейінді дәрігерлер ғана көрсетеді.
2020 жылы еліміз бойынша 122 жеткізуші ЖТМҚ қолданумен медициналық көмек көрсетті, оның ішінде 42 – сі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және 80-і міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде.
Ал 2021 жылы қазіргі уақытта 151 медициналық ұйым жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді, оның 55-і ТМККК шеңберінде жұмыс істейді, ал 96 –сы МӘМС қорының жеткізушілері болып табылады. Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Алматы қаласында айтарлықтай өзгерістер болды.
ЖТМҚ бойынша өнім берушілердің басым бөлігі ірі өңірлерде –Алматы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында шоғырланған.
Тиісінше медициналық көмектің осы түрлерін қаржыландырудың көлемі де өсті. Егер өткен жылы ТМККК шеңберінде ЖТМҚ бойынша шарттар 3,9 млрд теңге сомаға жасалған болса, ағымдағы жылы бұл сома 5 млрд теңгені құрады (өсім 29% — ға жуық). МӘМС жүйесінде өткен жылы шарттар 29,2 млрд теңгеге жасалды, ал биылғы жылы олардың көлемі 55% — ға өсіп, шамамен 45,4 млрд теңгені құрады.