Жерде бір бала қуанса көкте мың періште шаттанады деген игілікті тәмсілді басшылыққа алған аудандық іскер әйелдер кеңесі, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Сарқан аудандық филиалы және аудандық кәсіпкерлер кеңесі жуырда қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Нақты айтқанда жоғарыда аталған ұйымдардың демеу-шілігімен өңіріміздегі аз қамтылған, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған 20 отбасының кішкентайларына жаңа жыл-дық сый қорап табыс етілді. Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжетай Тазабекова «Аталмыш шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз жаңа жыл қарсаңында жақсылық күтетін сәби жүректерге титтей болса да қуаныш сыйлау. Өйткені бала қуанышы – бәрінен қымбат»,- дейді. Тәттілер салынған қораптарға – тосынсыйға балалар да өз ризашылықтарын білдірді.
Өз тілшіміз.