Сарқан «Балалар шығармашылық үйінде» ұстаздар мен оқушылар арасында қазақ халқының мақтанышы, қуанышы мен қасиетіне айналған мереке — Тәуелсіздік күніне арналған «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Іс шараның негізгі мақсаты ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, насихаттау, ұстаздар мен оқушылар арасындағы өнерлі адамдарды таныту.
Ұстаз – оқушы – ата – ананы байланыстыру, бірігіп ән салуына мүмкіндік жасау және Тәуелсіздік күні мерекесін өз деңгейінде тойлауға ат салысу. Байқаудың шарты бойынша ұстаздар және оқушылар бірігіп, патриоттық нақыштағы ән шырқады. Сайыстың ережесі бойынша оқытушылар мен оқушыдан құралған жұптар қазақ және шетел тілдерінде ән шырқауы тиіс. Биылғы сайыстың шешуші кезеңіне ән айту мәнері жоғары деп танылған 4 жұп іріктелініп алынды. Олар халыққа кең таралған ән-дерді айтып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, сайыс жеңімпазы бас жүлдеге ие болған фортепиано үйірмесінің жетекшісі Мукашева Гульнур Маратовна мен оқушы Заманбекқызы Лаураның орындаған шығар-масы мен сахналық жүріс-тұрысы әділқазы алқасының көңілінен шықты. Екі сағатқа созылған дәстүрлі «Екі жұлдыз» ән сайысының қорытындысы бойынша 1-ші орынды вокал – эстрада үйірмесінің жетекшісі Тилейхан Мейрамбек Тилейханұлы мен оқушы Нұрәлі Ботакөз, 2-ші орын екі жұпқа бөлініп, вокал – эстрада үйірмесінің жетекшісі Сулейменов Манарбек Кабылбекович пен оқушы Тұрсынәлі Риза және домбыра үйірмесінің жетекшісі Жилкайдарова Толқын Копжасаровна мен Әділхан Ақниетке бұйырды. Жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін оятуда осындай іс – шаралардың маңызы айрықша.
Өз тілшіміз.