Жақындарымызға жанашырлық танытайық!

Құрметті аудан тұрғындары, қазіргі уақытта «Омикрон» жаңа штаммының таралуымен қатар коронавирус инфекциясымен сырқаттану жағдайлары карантин уақытынан, яғни 2020 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін 1154 жағдай тіркелді. Оның ішінде симптоммен вирус тасымалдаушылар 810, симптомсыз вирус тасымалдаушылар 344 жағдайы тіркелді.

2022 жылдың қаңтар айында коронавирус инфекциясының 151 жағдайы, оның ішінде симптоммен вирус тасымалдаушылар 127, симптомсыз вирус тасымалдаушылар 24 жағдай тіркелді. Былтырғы жылдың тақылеттес кезеңімен, яғни 2021 жылдың қаңтар айымен (18 жағдай) салыстырғанда сырқаттанушылық 133 жағдайға өскен. Сонымен қатар 2021 жылдың қараша айында 46, желтоқсан айында 13 жағдай тіркелсе, 2022 жылдың тек қаңтар айында жағдай саны 151 жетті.

Жаңа штаммның, сонымен қатар коронавирустың басқа да штаммдарының тоқтаусыз тіркелуі — карантин режимінің талаптарын сақтамау, көпшіліктің қатысуымен әртүрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуы, КВИ-ға қарсы вакцина туралы теріс көзқарастың қалыптасуы себебінен болып отыр.

Қазіргі пандемия өршіп тұрған жағдайда ересектер, өзіміздің және балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, келесі шараларды сақтауды ұсынамыз:

-қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз және дезинфекциялаңыз.

-көпшілік жиналатын орындарға бармау;

— өзіңіздің организміңізді суық тиіп қалудан қорғау, иммунитетті нығайту;

-өзіңіздің және жақын-дарыңыздың денсаулығын сақтау үшін әртүлі құт-тықтауларды қашықтықтан, байланыс құралдары арқылы айту;

— адамдар көп жиналатын орындарға (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, сауда нысандары, көшелер, саябақтар, әуежай және т.б.) барған кезде, қоғамдық көлікте бетперде киюді ұмытпаңыз;

— кем дегенде 2,0 метр әлеуметтік қашықтықты сақ-таңыз;

— тыныс алу жолдарының инфекциясының алғашқы белгілері (мұрынның ағуы, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

— вакцинация – коронавирус жұқпасынан қорғанудың бірден -бір сенімді әдісі

Аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасын алғандар саны – 18344, бұл тиісті контингенттің 89,0% құрайды. Екінші дозасын алғандар, яғни вакцинациялаудың толық курсынан өткендер саны – 16921, тиісті контингенттің 82,0% құрайды.

Комирнати вакцинасының 1 компонентімен 1468 адам егілді, оның ішінде 1219 балалар мен жасөспірімдер, 37 аяғы ауыр әйелдер және 212 емізулі аналар. 2 компонентімен 669 адам егілді, оның ішінде 552 балалар мен жасөспірімдер, 14 аяғы ауыр әйелдер және 103 емізулі аналар.

Ревакцинациямен қамтылған 2794 адам бар, оның ішінде Синофарм, Казвак вакциналарымен егілгендер саны 2723, комирнати вакцинасымен егілгендер адамдар саны 71.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2022 жылдың 13 қаңтардағы № 2 Қаулысына сәйкес Комирнати вакцинасымен медицина қызметкерлеріне,  60  және  одан  жоғары  жастағы  адамдарға  КВИ-ге  қарсы ревакцинация жүргізуге жол беріледі.

Жоғарыда аталған ұсыныстар мен шектеулерді бұзбай орындап жаман індеттен құтылуға асығайық. Коронавирустық инфекциясының таралуына және әрі қарай өршіп кетуіне жол бермеу үшін көпшілік орындарда бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтап, жақындарымыздың денсау-лығына жауапкершілікпен қарап, бір-бірімізге жанашырлық танытайық!

К.Ибраимов,

Сарқан аудандық СЭБ   басқармасының басшысы

Мәліметпен бөлісу: