Әр географ-өлкетанушы

Бүгінгі таңда жас адамның өмірінде оқытудың 70% формальды емес білім беру жағдайында: отбасында, құрдастар тобында, жастар ұйымдарында, үйірмелерде өтуде. ЭЫДҰ-ның 22 елінде және ЭЫДҰ-ға әріптес 14 елге сыныптан тыс ғылыми іс-шаралар көп өткізетін мектеп оқушыларының осындай іс-шара аз өткізілетін мектептің оқушыларына қарағанда PISA-дағы жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейі анағұрлым жоғары екенін көрсетті.

Аймақтағы білім беруді дамыту мақсатында  оқу-әдістемелік орталығы тарапынан «Әр географ-өлкетанушы»  жобасы   құрылды. Жоба бағдарламасы тікелей мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін арттыру арқылы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Осы жоба аясында Көктерек ауылы, М.Мәметова атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Башайов Әлібек Ғалымбекұлы және география пәнінің мұғалімі Ахметқалиев Абылайхан Ерланұлының бастауымен 8-11 сынып оқушылары Лепсі ауылында орналасқан Мұқан Төлебаевтың мемориалды мұражайымен танысып қайтты.

Сапардың мақсаты, өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа білім мен тәрбиені ұштастырып, туып-өскен өңірінің халқын, шаруашылығын, тарихын, ғылым мен мәдениет саласында еңбек сіңірген тұлғалармен таныстыру. Сапар аясында оқушылар, қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, еліміздің алғашқы әнұраны авторларының бірі, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың өмірі және шығармашылығымен танысты.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады.Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу,  өз құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы  түсіне білуі, өзіне сын көзбен қарап, өзінің көңіл – күйін, атқарған іс — әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз.Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі , дарындылық іс — әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары сөзсіз. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі.

А.Ахметқалиев,

М.Мәметова атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: