Сарқанда қонақ үй бар ма? – деп сұрайтындарға енді ауыз толтырып жауап бере аламыз. Бұған дейінгі «Сарқан», «Қазақстан», «Алатау» қонақ үйлерінің сапына SARKAND PALACE қосылды. Өткен жылы пайдалануға берілген SARKAND GRAND мейрамхана жанынан жаңа екі қабатты заманауи мейманхана есігін қала қонақтарына айқара ашты. Осынау жаңа тұрпатты қызмет көрсету орындарын ел иігілігіне ұсынған белгілі кәсіпкер, Сарқан ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ғалым Рахметқалиев.
— Ауылшаруашылығы саласында ұзақ жыл ілкімділігімізді танытып, біршама жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін мейрамхана, мейманхана бизнесімен шұғылданып, осы бағытта өзімізді сынап көруге бел байладық. Өкінішке орай, біздің талпынысымыз пандемияға байланысты карантин кезеңіне тұспа тұс келді. Бағыттан таймадық, қолға алған ісімізді тиянақтадық. Міне, зайы- бым Айжан екеуіміздің жоба- жоспарларымыздың нәтижесінде қызмет көрсету кешені ел игілігіне ұсынылды, — дейді Ғалым Болатұлы.
Қонақ үй 32 бөлмеден тұрады, оның 4-еуі люкс бөлмелер санатында. Екінші қабаттағы конференц залы түр- лі салалардың басқосуын, семи- н а р — к е ң е с т е р і н өткізуге қолайлы. Меймандарды сергіту мақсатында мұнда спорттық жаттығу залы жұмыс істейді. Сонымен қатар келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында асхана, кафе жүйелі жұмыс атқаратын болады.
Жуырда жаңа қонақ үй кәсіпкердің әкесі, ауданымыздың абыз ақсақалы Болат Рахметқалиевтың ақ батасымен салтанатты түрде ашылды. Жұртшылықтың игі- лігіне ұсынылған жаңа нысан ауданымызға жұмыс сапарымен, іскерлік мақсатпен, туристік сапармен келетін меймандарымыздың талап-тілегінен шығары сөзсіз.
Жомарт ИГІМАН.