Арулар сынға түсті

Өткен аптада 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде әйелдер арасында аудандық спартакиада өз жалауын көтерді. Ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Дамир Каипов сөз сөйлеп, әйелдер қауымына жылы лебізін арнады. Ұжым намысын қолдан бермеуге ұмтылған бұрымдылар арасындағы сайыс ерекше тартысты өтуімен есте қалды. Жалпы аудан көлемінде 15 команда қатысқан жарыс эстафеталық көңілді сөре және қол күрес бойынша өтті. Ептілік пен жылдамдық сынды қасиеттер сынға түскен көңілді сөре – эстафетасында қазылар алқасының шешімімен Ақын-Сара атындағы орта мектеп баршасынан үздік шығып, І орын иегері атанса, М.Тынышбаев  атындағы орта мектеп ІІ орынға, Сарқан гуманитарлық колледжі ІІІ орынға лайық деп танылды.

Ал білек күшін байқасқан бұрымдылар арасында сарқандық Әйгерім Елюбекке қарсылас шақ келмесе,  аманбөктерлік ару Ажар Ахметжанова ІІ орынға, Қарғалы ауылынан келген Татьяна Абакумова  ІІІ орынға табан тіреді. Жеңімпаздар кубокқа, мақтау қағаздарына ие болып, көпшілік алдында абыройлары асқақтады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: