Ел тіршілігіндегі елеулі жаңалық

Қазақстан халқы Ассемблеясы сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынғаны баршамызға мәлім.

Ата Заңға осындай жолмен өзгеріс енгізу Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы, қазіргі Конституция бекітілген кезде өткендіктен, ел тіршілігіндегі елеулі жаңалыққа айналғаны сөзсіз.

Президент өзінің биылғы Жолдауында атап өткендей, суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті кету іс жүзінде мемлекеттік басқару мен тұтастай саяси жүйені жаңартады.

Халықтың өзі референдум арқылы демократияландырудың осындай векторы туралы шешім қабылдауы өте маңызды деп есептеймін.

Қадыр АБДРАХМАНОВ, Алматы облыстық қоғамдық Кеңес мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: