Ынтымағы жарасқан туған өлкем

Жақында Сарқан “Сенім” күндізгі болу орталығында  1- мамыр – бірлік күніне арналған мекемеішілік ең алғашқы “Ынтымағы  жарасқан туған өлкем – Қазақстан!” атты мерекелік  іс-шара өтті.  Мерекеге орай мекемеміздің алаңы түрлі–түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді.  Қазіргі таңда  елімізде бір шаңырақ астында шоғырланған түрлі ұлттардың  бар екені баршамызға мәлім. Осы әрбір ұлттық мәдени орталықтардың дәстүрімен  таныстыруға мекеменің мамандары мен қызмет алушы балалар мерекеде  әр ұлт өкілдерінің тілінде сәлемдесіп, би билеп, ән айту арқылы әр ұлттың киімдерін, қимыл-қозғалыстарын паш етті. 1-мамыр  – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара  осылайша қызықты да көңілді өтті. Мерекелік ертеңгілік соңында   мекеме директоры  Қ.Мамбетбаев қызмет алушы балаларға  белсене қатысып, өнер көрсеткені үшін марапаттар мен кішігірім сыйлықтарды табыстады. Мерекелік іс-шара ата-аналар мен қызмет алушы балалардың көңілдерінен шығып, оң бағасын берді. Сонымен қатар қызмет алушы балалардың ата-аналары ұжымның үйлесімді ісіне ризашылықтарын, жүрекжарды лебіздерін айтты.

Бір шаңырақтың астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт-аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 Ж.Байганышева,

Сарқан “Сенім” күндізгі болу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері.

Мәліметпен бөлісу: