Референдум маңыздылығы түсіндірілді

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Абсеметова Сарқан ауданында болып, референдумға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда халық қалаулысы Сарқан қаласындағы «Азия Голд» ЖШС-інде және Қойлық ауылдық округінде кездесулер өткізді. Сапар барысында Әлия Маратқызы аталмыш ұйымның жұмысымен жете танысып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. 

Кездесу аясында қызметкерлермен, қарапайым тұрғындармен емен-жарқын әңгімелесіп, ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін референдумның маңыздылығын, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің өзектілігін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Республикалық референдумды қолдау жөнінде құрылған аудандық штаб мүшелері Қадыл Жанасбеков, Жомарт Игіман аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аталмыш штаб мүшелері мемлекетіміз үшін тарихи маңызы бар саяси науқан кезінде азаматтық белсенділік танытып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, референдумды лайықты өткізуге атсалысу қажет екендігін жеткізді. Сондай-ақ медицина саласының өкілдері тарапынан түскен сауалдарға жауап берілді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: