Тіл рухани байлықтың шыңы. Тілді меңгеу ананың ақ сүтінен басталып бесік жырымен тербетіліп өмір сатысымен анықталады. Мемлкеттік тілді білмеу – ұлтты менсінбеу. Бұл ащы сөз бірақ ақиқат. Тіл қай халықтың болмасын баға жетпес мұрасы, байлығы. Әрбір қазақ жер жүзіндегі басқа ұлт өкілдеріндей өз тілін жетік білу шарт. Сосын барып өзге тілдерді игеру керек. Тіл тек қарым-қатынас құралы емес, оның ішінде ұлттық сана-сезім, халқымыздың тарихы әдебиеті және мәдениеті тұр.
Елбасы «Қазақ болашағы-қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы тілімізді бүкіл қазақстандықтарды мойындайтын кездің ауылы алыс емес екенін білдірсе керек. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазақстан Республикасының барша азаматтары мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі қажет.
А.Ахмадиева,
Сарқан аудандық ХҚК бөлімі жинақтау секторының бас маманы.