29 мамыр күні Испанияның астанасы Мадрид қаласында Джиу-джитсудан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Аталмыш турнирде біздің еліміздің спортшылары атынан қатысқан Дана Төлеужан есімді қызымыз 55 килограмм салмақта күш сынасып, бірінші орынды иемденді. Жерлесіміз Дана Бекенқызы қазіргі уақытта Италияның астанасы Рим қаласындағы «Ла сапиенца» университетінің магистратурасында екінші курста грантта оқиды. Аталмыш университтеттің негізі 1303 жылы қаланған. Әлемдегі ең белді оқу орындарының қатарына жатады. Бұған дейін Дана джиу-джитсу күресінен 2019 жылы Біріккен араб әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Жерлесіміздің әмбебап спортшы екендігі соншалықты, оның суға жүзудің екі түрінен спорт шебері атағы бар. Сонымен қатар ол өзіміздің жерлесіміз, Абай ауылының тумасы, белгілі қаламгер әрі кеден қызметінің полковнигі Бекен Нұрахметовтың кенже қызы. Сырт елде оқуда жүрсе де, спортпен айналысуға уақыт тауып, еліміздің атын шығарып жүрген осындай қыздарымыздың талабына нұр жаусын деп тілейміз.
Өз тілшіміз.