М.Төлебаевтың мемориалды музейі қызметкерлері 18 мамыр күні «Халықаралық музейлер күні» мерекесін өткізді.
Музейлер күніне арналған бұл шара музейдің ауыз толтырарлық мәдени дәстүрлерінің бірі. Ол жастардың шығармашылығын дамытуға, ауылымыздың мәдени ортасын құруға үлкен септігін тигізеді. Лепсі ауылының тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді. Музей қызметкерлері жиынға шақырылған қонақтарды қарсы алып, мерекенің мақсат-міндеттерімен, оның барысында тамашаланатын көріністердің барысымен таныстырды. Осы жылғы шара бағдарламасында келушілер «Музей — тарихи құндылықтар ордасы», «Дала мәдениетінің алтын бесігі – киіз үй» атты көрмелермен танысты. Бұл жолы ауыл тұрғындары мен қонақтарына музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер ұсынылды: — «Дала мәдениетінің алтын бесігі – киіз үй» атты тақырыпта көрмесі көшпелі өмірдің негізгі баспанасы – киіз үй туралы кең көлемде мағлұмат берді. — «Музей — тарихи құндылықтар ордасы» атты тақырыпта көрмесінде музей қорына соңғы жылдары жинастырылған экспонаттармен таныстырылды.
Келушілер түрлі бағдарламаға қатысып, деректі фильмдер көріп, квест ойындарына қатысты. Музей түні акциясы барысында келушілерге – «М.Төлебаевтың отбасы мен балалық шағы», «М.Төлебаевтың өнер жолы», «Әлемдік деңгейдегі классиктер»атты залдарына тегін кіріп, экскурсия тыңдау мүмкіндігі берілді. Мерекелік шараны тамашалаған ауыл жұртшылығы ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарасты. Кез-келген елде музей — мемлекеттің айнасы. Музей арқылы сол елдің тарихы, мәдениеті туралы танымдық түсінік қалыптасады деген ойдамыз…
С.Джапаров,
М.Төлебаевтың мемориалды музейінің қор сақтаушысы.