Елбасының жұртшылыққа жол тартқан «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы еліміздің білім беру жүйесін әлемдегі үздік стандартты деңгейге жеткізу және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жас ұрпақ қазіргі заманғы технологияларды толық меңгеру үшін, осыларға білім беретін мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын қаңтардан бастап 30% көбейтуді тапсырған. 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтық арттырылады, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейі ескеріліп, категориялардың жаңа кестесі енгізіледі.
Категориялар бүкіл әлемде қолданып жүрген Ұлттық біліктілік тест арқылы беріледі. Нәтижесінде жалақысы біліктілігі расталуына байланысты 30-50% дейін өседі деп жоспарлауда. Орта білім саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталады. Елбасы атап өткендей, бұл мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырған Білім министрлігі, демалыс және мейрам күндері үй тапсырмасы берілмейді. Жай күндері 2,5 сағаттан аспайтын болу керек. Бос уақытында әдеби көркем шығармашылығымен баланың рухани өсуіне жағдай жасау керектігі айтылған болатын және министрлік 5 күндікке көшкелі сабақ санын азайту мәселесі, яғни кейбір пәндер кіріктіріліп, күнделікті сабақ кестесі жеңілдейді. Бұл дегеніміз – болашақта кейбір пәндер қысқартылуға жатады. Нәтижесінде ертеңгі күні қысқарған пән мұғалімдері басқа мамандық алуға мәжбүр болады. Біз кәсіподақ саласының мамандары осыны алдын ала айтып, қазіргі күнге қажетті маманға дайындауға жол көрсетуіміз керек деп ойлаймын.
Біздің Сарқан ауданында барлық ұстаздар саны — 1067 адам болса, оның 466 мұғалім – 2016 жылдан бастап жаңартылған мазмұнда білім алған. Осының 109 адам бастауыш сынып мұғалімі болса, қалған 357 –сі басқа пән мұғалімдері. Бұны айтып тұрғаным 1 –ші қаңтардан бастап 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Еңбек ақысы берген сабақ санына қарай, мәселен бастауыш сынып мұғалімінің жүктемесі 21-22 сағат болса, ал 5,7, сынып мұғалімдерінің апталық жүктемесі 4-5 сағаттан. Еңбекақы осы берген сабақтарының санына қарай төленетін болады.
Жанат МҰҚАШЕВ,
білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы.