Халықты қуатты жұмылдырушы

Жолдау – өрлеу өзегі

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық штаб мүшелері Жамал Доланбаева, Айман Карамулдинова және Аслан Абдрахманов аудан орталығындағы «AZIA GOLD» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Дәрілік шөп өсірумен шұғылданатын іргелі серіктестіктің өндіріс алаңында өткен кездесу аясында штаб мүшелері қарапайым қазақстандықтардың болашаққа деген үмітін оятқан Мемлекет басшысының соңғы Жолдауы бүкіл халықты қуатты жұмылдырушы берекелі бастама болатынына сенім білдірді. Халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, барша халық үшін өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, ең бастысы ауқымды саяси және экономикалық реформалар шоғырланған, болашаққа нақты бағдар нұсқаған Жолдау дербес те тәуекелшіл мемлекетімізге алда атқарылар мақсаттар, міндеттерді айқындап беруімен құнды,-деді штаб мүшелері. Еңбек ұжымын белсенді азаматтық ұстаным танытып, саяси науқан — сайлауға өздерінің Конституциялық құқықтарын тиімді пайдаланып, өз таңдауларын жасауға шақырды. Сондай-ақ, штаб мүшелері Қазақстанның әрбір азаматы сайлауға қатысуға құқылы екендіктерін айрықша айтты.
Шара соңы сұрақ-жауап форматымен түйінделді.
Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: