Әділетті Қазақстанды құру жолында


Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штаб мүшелері Жомарт Игіман, Оксана Ракитянская және Аслан Абдрахманов аудандық газеттің гимаратында журналистер, зиялы қауым және жастар өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Прези¬дент¬іміздің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған оң өзгерістерге негізделген реформалар жан-жақты сөз болды.
Штаб мүшелері «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдаудағы бес бағдардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, қарапайым тілмен тарқатып айтып берді.
Атап айтқанда жаңа экономикалық саясатты қолға алу, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция саясатын жүргізу, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту және заң мен тәртіптің үстемдік құруы сынды Қазақстан болашағын айқындайтын батыл әрі берекелі Жолдау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асырудың алғышарты екендігіне тоқталды. Сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық өміріне үлкен өзгерістер әкелетін сайлаудан соң алда үлкен жұмыстар күтіп тұрғандығын жеткізген штаб мүшелері саяси науқанды бір кісідей қолдаудың, тарихи өзгерістер жасауға әр қазақстандық қатысуы маңызды екендігін атап өтті.
Кездесу соңында штаб мүшелері жиналған қауыммен пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.


Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: