Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Сарқан гуманитарлық колледжінде ұжымның ұстаздар қауымымен, жастармен кездесті.
Жарты ғасырдан астам тарихы бар аудандағы гуманитарлық бағытта мамандар даярлайтын іргелі білім ордасының мәжіліс залында өткен басқосу барысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жұртшылыққа жол тартқан Жолдаудағы басым бағыттарға жан-жақты тоқталып, тарихи құжат азаматтарымыздың баянды болашағын қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті. Сонымен қатар жастарға лайықты тәрбие беру және өскелең ұрпақтың бойына жасампаз ұлттық құндылықтарды әсіресе Отаншылдық рухты сіңіру ісінің маңыздылығына айрықша мән берді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Жетісу облыстық қоғамдық штаб мүшелері Жомарт Игіман, Тілеужан Доғаманов мемлекетіміз үшін тарихи маңызы бар саяси науқан – сайлау кезінде азаматтық белсенділік танытып, сайлауды лайықты өткізуге атсалысу қажет екендігін жеткізді.
Қатысушылар білім саласына қатысты түйткілді мәселелерді талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін, сауалдарын ортаға салды.