Мемлекет басшысын сайлайтын аса жауапты науқан. Әрине мен өңірдің ақсақалы ретінде кезектен тыс өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Президенті сайлауынан тысқары қалмай, өз таңдауымды жасадым.
Ел болашағы үшін, даусымды лайық кандидатқа бердім деп есептеймін. Бұл ел тарихында қалатын сәт, елімізді жаңару процессіне жетелеп, экономикалық тың өзгерістерге алып келеді деген үміт бол.
Сайланатын жаңа мемлекет басшысы мемлекетімізді одан әрі қарыштатып дамытып, әділетті Қазақстанды құрады деген зор сенімдемін.
Халық болып дұрыс шешім қабылдап, Жаңарған жаңа Қазақстанды бірге құрайық ағайын!