Өз таңдауларын жасады


Сарқан ауданында барлық сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Біз болған №788 сайлау учаскесінде ерекше мерекелік көңіл – күй ауаны байқалады. Участок қызметкерлері өздерінің міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарауда. Дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары да жан-жақты ескерілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кабинка да қарастырылған. Бұл дауыс беру процесінің қалыпты жағдайда өтуіне септеседі.

  • Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауға бей-жай қарамай, өз дауысымды беруге келдім. Жалпы, әрбір адамның сайлауда белсенділік танытып, саяси науқанға қатысуы келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігі деп санаймын. Себебі бүгінгі күн тарихи күн келешек ұрпақтың тағдырына да тікелей әсер ететін маңызды сәт,- дейді №788 сайлау учаскесіне өз таңдау жасауға келген Константин Банахович.
    Сарқан қаласында орналасқан №788 сайлау учаскесінде ең бірінші болып келіп қала тұрғыны, Чернобыль апатына қатысушы ардагер Әлібек Ерболаев өз таңдауын жасаған. Қаламыздың ғасыр жасаған тұрғыны Белдеубай Алтынхан апамыз да сайлаудан тысқары қалмай өз даусын берді. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері, өңіріміздегі белгілі мәдениет, спорт, білім салаларының өкілдері, қоғамдық жұмыстардың белсенділері өз таңдауларын жасауда.
    №788 сайлау учаскесі комиссиясы төрағасының орынбасары Ерболсын Тоқжігітов халықтың белсенділігі жоғары екендігін, ешбір заңбұзушылықтың орын алмағандығын айтады.
    Сарқан аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұратбек Естеуовтың айтуынша жалпы аудан бойынша 26992 мың сайлаушы бар. Аудан көлемінде барлығы 33 сайлау учаскесі болса оның 3-еуі жабық, оның біреу ауруханада орналасса, екеуі шекара бекеттері. Сағат 10-00 жағдай бойынша бойынша сайлаушылардың 25,5% пайызы өз таңдауларын жасап үлгерген. «Ауыл», «Аманат» партияларынан, партиялық емес байқау орталығынан, «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінен, Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоғамдық қоры сынды ұйымдардан бақылаушылар өз жұмыстарын жасауда.
    Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: