Сарқан ауданы Қойлық ауылының тұрғыны 98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы сайлаудан тысқары қалмай өз таңдауын жасады.
Ақсақал елміздің жаңа дәуірге қадам басып, жаңа сайланғалы жатқан Президентіміздің тың өзгерістер жасап, халық мүддесіне жұмыс жасайтынына сенімді.
«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». — деді Берлібек ата.