11 млн 950 мың 485 адам. Бүгін дәл осынша қазақстандық өз таңдауын жасауы тиіс. Республика бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр. Отан ортақ, тағдыр ортақ. Сыртта жүрген ел азаматтары да қалыс қалмайды. 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды.