Пікір алмасып, тәжірибе бөлісті

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы «Ошақ тұрақты даму орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде 21 желтоқсан күні Сарқан, Ақсу, Алакөл аудандарының мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен бір күндік семинар өткізілді. Шара мақсаты – мемлекеттік қызмет өкілдерінің, жас мамандардың саяси біліктілігі мен шешендік шеберлігін дамыту, аудитория алдында сөз сөйлеушілердің және халықпен жұмыс істейтін қызметкерлердің сауаттылығын арттыру. Шара барысында мемлекеттік қызметкерлер әріптестерімен пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Мәліметпен бөлісу: