Сарқан ауданының Амангелді, Черкасск ауылдық округтері әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

№ 2                                                                      04 қаңтар 2023 ж.


               Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Сарқан аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

               1. Сарқан ауданының Амангелді, Черкасск  ауылдық округтері

Әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалсын.

               2. 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Сарқан аудандық Амангелді, Черкасск  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

               3. Осы қаулы Сарқан аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық » SARQAN » газетінде жариялансын.

Сарқан аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                  М.Естеуов

Сарқан аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                  С.Кабдолданова

           Сарқан қаласы

           2023 жылғы 04 қаңтар

           № 2

Мәліметпен бөлісу: