Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубайқызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз даусын берді.
Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ бастасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.
«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсадық. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». — деді қарт анамыз.
Айта кетейік, бүгінгі сайлауға аудан бойынша 26 мыңнан астам сайлаушылар өз дауыстарын бермек.
ЕлҮшінТаңдау
ӨзКандидатыңдыТаңда
Сайлауғабарамын
ЖетісуСайлау