Медиация – қоғамды бірлестірудің басты күші ретінде келісімге келу, даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешімге келтіру, азаматтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеу, шешу, соттардан тыс тәртіппен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тәсілдері мен тетіктерін одан жоғары дамытуды қолға алған дұрыс. Медиацияның негізгі мақсаты келіспеушіліктегі оң жақ пен кінәліні анықтау емес, медиацияның негізгі мақсаты тараптарды консенсусқа келтіру болып табылады.
Соттық реформа соттық істер бойынша ұсақ-түйекті сөзсіз түбірімен жоюды қарастырады. Бірақ, біз қарапайым емес жолдың басында тұрмыз. Медиацияның жүзеге асуына көп күш жұмсалып та жатыр. Қазіргі уақытта ғалымдар мен практиктердің арасында, біздің қоғам сот өндірісінде медиацияны кеңінен қолдану мен оны жүзеге асыру барысында қандай іс әрекеттер жасалуы қажет? Әрине, медиация дауласушылардың жалпы және құқықтық мәдениетінің деңгейі өте жоғары болған жерде кеңінен таралады. Бірақ, ол жоғары құқықтық мәдениеттің туындауы ғана емес, сонымен бірге, оны қалыптастырудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, медиация көбінесе соттан тыс әрекеттер шеңберінде кеңінен пайдаланылатын болғандықтан, ол азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Отандық заңның түсіндіруінше, медиацияны дамытуда, әрине, мемлекеттің қолдауымен негізгі рөлді азаматтық қоғам құрылымы мен белсенділік пен қолдауды қамтамасыз ететін бұқаралық ақпарат құралдары атқаруы тиіс.
Татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ететін аталмыш заң қарқынды жалғасуда.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт.
А.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,
Сарқан аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.