Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы, қанатын кеңге жайып жеке дара ел болып қалыптасқанына біраз жыл болды. Дамуы мен өркендеуі жаңа жолға түсіп, 140 тан астам ұлт-өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіре отырып, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ретінде Конституцияда 1-бабында қарастырған болатын.
Діни сенім – жеке тұлға бойынан табылатын дінге деген көз-қарасы, дінді қабылдап оны түсінуі, діни санасын қалыптастырып, діни сенімі арқылы өмірлік қағидаттарын, құндылықтарын толықтыру, іс-әрекеттерін жүйелеу. Сенім адам санасымен дін арқылы еніп, діни көзқарастар қалыптастырады. Діни сана адамнан-адамға, адамдардан қоғамға әсерін тигізе алады. Келесі ақпараттарға қарап біз мемлекетімізді діни сенімді берік ұстанушылар қатарына енгізе аламыз. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда халықтың әр түрлі тобы өкілдерінің қоғам өмірінің рухани, оның ішінде дінге деген қызығушылығы айтарлықтай артқан. Бұған соңғы жылдары Қазақстандағы дінге сенушілер санының артқаны дәлел бола алады. Мәселен, мамандар дінге сенушілер саны 1980 жылдардың ортасымен салыстырғанда 20-25%-дан 90-95%-ға дейін өскенін айтып отыр. Діни сенім бостандығын зайырлылық негізде ұстануда, алайда заң бойынша қорғалған. Ата Заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады. Қазақстан Республикасының 2011 жылы 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi құқықтарын iске асыруға кепiлдiк береді. Адамдардың барлық құқықтары қорғалған.
Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекет тіректерінің бірі – рухани тірегі. Қоғам өміріндегі діннің маңызын оның атқаратын негізгі функцияларынан анық байқай аламыз. Атап айтар болсақ: діннің дүниетанымдық функциясы – қоғамдағы адамдардың қоғамға, табиғатқа деген белгiлi бiр көзқарастарын және жалпы өзін қоршаған дүниенi түсiнуді, түйсiнуді, сезiнудi қалыптастырады. Дiннiң реттеушi функциясы белгiлi бiр идеялар, құндылықтар, нұсқаулар, пiкiрлер, дәстүрлер, институттардың көмегiмен жеке адамдардың, топтардың, қауымдардың әрекетi, қарым-қатынастарын, санасын және жүрiс-тұрысын реттеуді жүзеге асырудан көрiнедi.
Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүрмен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады. Дін қоғам өмірімен тығыз байланыста болғаннан кейін, діннің қоғамға тигізер пайдасы мен зиянын, басшылықта ұстап отыру қажетпіз. Әр адам өзіне және қоғамға әділеттілікпен және толеранттылықпен қарауға міндетті.
Диана МЕЛІС,
дінтанушы.