Қоғамдық пікір көпшілік жағдайда қоғамның билікке деген сенімінің деңгейімен айқындалады. Ендеше, ол – қандай да бір көзқарасты сараптау, сынау, қабылдамау немесе ұсыныс енгізу түрінде жария ету деген сөз. Ол сонысымен құнды.
Саяси сенім — қоғамның жалпы, мемлекеттік саясатқа деген сенімін білдіреді. Қазір ел халқының үштен бірі қоғамда өзгерістердің қажеттілігін талап етіп отырған кезде кез-келген реформаның халықтың мүддесімен үйлесімді іске асырылғаны абзал. Сондықтан елімізде жүргізіліп жатқан модернизациялау үдерісі бір мезгілде конституциялық реформаны, экономикалық қайта құру мен қоғамдық сананы жаңғыртуды қамтығандықтан, оның нәтижелілігін тұрғындар реформалардың жергілікті жерлерде дұрыс орындалуымен байланыстыратыны сөзсіз.
Осы орайда, қолға алынған қайта құруларды қалай болғанда да мемлекет және биліктің басқару органдары жүргізетінін ескере сөйлесек, дамудың жаңа және өте күрделі кезеңінде елді дамытудың жаңа моделіне көшу мақсаты өте өзекті мәселеге айналатыны белгілі. Сондықтан ең алдымен басқару жүйесін өзгерту және оның тиімділігін арттыру маңызды. Ол үшін, әрине, басқарудың барлық деңгейінде шешім қабылдау нақты нәтижеге бағдарлануына, оның сапалық көрсеткіштеріне үлкен мән беруге күш салған абзал. Ол үшін міндетті түрде қоғамдық пікірді ескеріп, оны әлеуметтік басқарудың тұрақты факторына айналдыру өзекті болмақ. Осы тұста орталық деңгейде қабылданған стратегиялық шешімдерді жергілікті жерге бейімдеп, оны тиімді іске асыру міндеті тұрғанын да ұмытпаған жөн.
Мен өзім білім саласында еңбек етіп жүргендіктен,еліміздегі білім беру жүйесіне қойылған талаптарын тұрақты өз ұжымыма жеткіземін, талқылаймыз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ұстаным аясында еібек етіп, осы сөздің астарлығын мектепалды даярлық тобына басты назарға қойдым.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Жаңа Қазақстанды құру ісінде мұғалімнің рөлі айрықша. Орта білім сапасы табысты болуының маңыздылығы — әр білім алушыға қолайлы орта, жағдай жасау. Жалпы, оқушылардың біліміне көңіл бөлу, ата-ана мен мектептің әріптестігін күшейту, ата-ананың мектепке келіп, мектеп басшылығымен кездесу, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен тілдесу, өздерін мазалап жүрген сауалдарға жауап алу, көкейкесті мәселелер мен оқу жылының мәселелерін талқылау арқылы мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту.
Балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастыру, адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталатыны белгілі. Осы мақсатта баршамыз бірлесе жұмыстар жүргізсек, еліміздің болашағы жарқын болатыны сөзсіз.
Даулетбек Гульнур Даулетбекқызы
Аманбөктер негізгі орта
мектебінің мұғалімі