Брендке айналған тәуелсіз Қазақстан

2018 жылдың 10-шы қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Барлық қазақстандықтар бұл Жолдауды қызу талқылап, өз пікірлерін білдіріп, халық мүддесін қорғаудағы өзекті жоспар екенін айтып мақұлдасуда. Жолдаудың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталуы тегіннен-тегін емес. Өйткені қоғамда жүріп жатқан технологиялық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы өзгерістер өркениеттілік пен тұрақты дамуға апарар сара жол. Әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа қарамастан Елбасы «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен, яғни адами капиталдың сапасымен өлшенетінін» атап айтты. Бұл орайда адами капиталдың жоғары деңгейге көтерілуіне ұстаздар әлеуетінің қосар үлесі ұшан – теңіз. Ұстаздардың еңбегінің арқасында білімді ұлт пен білікті ұрпақ өсіп шығары аңық. Бұл біздің ұстаз-дарымыздың ізденіс үстінде, аса сауаттылық пен терең білімділікті меңгеруге деген жауапкершілігін арттырады. 2016-2017оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру бағдарламасына көшудеміз. Осы бағыт бойынша мектебіміздің 28 ұстазы өз білімін жетілдіру курстарынан өтті. Жаңа стандарттар мен үш тілді меңгеру, IT технологиясын жетілдіру бойынша тыңғылықты істер атқарылуда.

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы мектепте қызу қарқынмен жүргізілуде. Жеке біздің мектепті алсақ; 6 интер белсенді тақта, 5 проектор, 70 компьютер интернет желісіне қосылған, күнделік KZ жұмыс істеп тұр. Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен оқу кабинеттеріндегі компьютерлер жергілікті желі жүргізу арқылы интернетке қосылған. Бүгінгі күні ата – аналар да осы желі арқылы балаларының білімін үйден отырып – ақ бақылап отырады. Ата – ана – ұстаз – оқушы үштік одағының ынтымақтастығы арқасында дарынды оқушыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Білім сапасын көтерудің тағы бір жолы – оқытудың тиімді технологияларын пайдалану іс – тәжірибесін тарату жолға қойылған. Мысалы көшбасшылар, тәлімгерлер онкүндігінде коучингтер, шебер сыныптар, ашық 22 сабақтар өткізілді. Лауазымдық жалақының 30% — ға арттырылуы мұғалім мәртебесін көтеруге жасалған қадам, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспана алып жатқан ұстаздардың өз еңбегіне деген құлшынысымен оның қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырды.Кезінде кез келген қазақ баласы «Мұғалім бол»деген бата алса өзін соншалықты бақытты сезінетін, ал соңғы жылдары мамандықтардың ішіндегі ең қолжетімдісі,басқа жоғары оқу орнына түсе алмай қалған абитуриенттердің қосалқы алаңына айналғандай болған мұғалім мамандығының мәртебесі еңсесін көтеріп,өз орнын тауып келеді.Ұстаз еңбегін айрықша жоғары бағалайтын жүйеге, мұғалім мәртебесін айшықтауға бағытталған жаңарудың жаңа кезеңін бастап берген Елбасына ұстаздар қауымының ризашылығы шексіз.

Ж.КУЛАХМЕТОВА,
Алматы облыстық
мәслихатының депутаты.

Мәліметпен бөлісу: