Жаңғырудың өзегі – саяси реформалар

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 1 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында отыз жыл бойы орныққан саяси жүйені жаңғырту мақсатында бірқатар реформалар ұсынған болатын. Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған еді. Осылайша, 2023 жыл жаңа жүйе бойынша Сенат депутаттарын сайлаумен басталды. Нәтижесінде, әр өңірден 1 өкілден 20 сенатор сайланды. Сонымен қоса 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған Парламенттің Мәжілісін тарату туралы және мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы  Жарлықтарға қол қойды.

Қазақстанды қандай саяси реформалар күтіп тұр?

        2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумда Конституцияға Парламенттің қос палатасы – Сенат пен Мәжіліс арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар енгізілген болатын. Бұл Парламентте заңдарды қарау үдерісін жылдамдатады. Депутаттар реглементті толықтыру және өзгерту бойынша ұсыныстарын берді. Құжатта Мәжілістің заң жобаларын қалай қарайтыны, құжаттарды қарау мерзімі, сондай-ақ оларды бекіту немесе қайтару талаптары ескерілген. Осы тұрғыда қос палатаның өзара іс-қимылына қатысты өзекті мәселелер қаралып, регламент қабылданды.

          Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, 1 қаңтардан бастап сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне енгізілген жаңа түзетулер күшіне енген. Бір мандатты округтер мен сайлау комиссияларын құру процесі өтіп жатыр. Енді аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері өз өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын болады. Бұл сайлау жүйесінің сапасын арттырады. Сонымен қоса, Ерлан Қарин саяси жүйені үдемелі қалпына келтірудің жоспары, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, биылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау пилоттық режимде өтеді. «Ауыл әкімдері корпусын жаңарту жалғасады. 350-ден аса кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып жатыр. Бұл сайлау мыңнан аса ауылдық елді мекенді қамтиды. Ең бастысы, жаңғырту бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғасып жатыр. Бұл 2023 жылғы саяси күн тәртібінің негізі болады», — деді атап өткен болатын.

       Сондай-ақ, 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекет басшысының Жолдауын, сайлау алдындағы бағдарламаны, өңірлерге жасаған сапарлар кезінде туындаған тапсырмаларды орындау, жаңа ұлттық жобалар, аудандар мен қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі мәселелердің үлкен блогы пысықталатынын сөзге тиек етті.

         Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның «Сан салалы ғылыми және рухани мұрасы ұлттық жаңару мен жаңғырудағы белесті кезеңдерді тануымызға әрі келер күндері алар асуларымызды бағамдауда өзінің өлшеусіз қызметін атқаруда. Ел мен жер тағдыры мен рухани кемелділігі, ана тілі мен ата тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, саяси және оқу-ағарту саласындағы реформалар, экономикалық даму мен аграрлық мәселелер, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен теңелуге нақтылы теориялық және практикалық бағыт-бағдар берген»,-деп атап өткен зерделі ойлары мен өзекжарды толғамдары бүгін де, ертеңгі күнде де маңызды болмақ.

Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!

Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!

Қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы

 Исаханова Светлана Ахуаловна

Мәліметпен бөлісу: