Президенттік реформалар іске асуда

Жолдау өрлеу өзегі

Баршамызға белгілі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев 17 наурыз күні барша Қазақ еліне Жолдауын жолдаған болатын. Ол дегеніміз еліміздегі түбегейлі саяси реформа бағдарламасын жариялады деген сөз. Жалпы, реформа дегеніміз не? Реформа – қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту болып саналады. Олар әлеуметтік-саяси және экономикалық бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси реформа – өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеуметтік және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеуметтік өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады деген сөз.

Аталмыш реформада Президентіміздің айрықша атап өткен мәселе супер президенттік басқару формасынан, күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу. Сол арқылы халыққа жақын, халық үніне құлақ асатын  мемлекет құруға бір табан жақындатты. Президенттің билеуші партияға мүшелігін оның өкілеттігі кезеңінде тоқтатуды заңнамалық түрде рәсімдеді, бұл Президенттің атын жамылып белгілі бір партиялардың немесе әлеуметтік топтардың әділетсіз өз билігін жүргізуіне қарсы екендігін білдірді. Қасым-Жомарт Кемелұлы  бұл реформамен демократияландыру үрдісі аяқталмайтынын, алдымызда ұзақ жол бар екенін еске салды.

Сонымен қатар, Президенттің туыстарына жоғары лауазымдарды атқаруға тыйым салынды, ал Парламенттің төменгі палатасы мәжіліске сайлауды қолданыстағы пропорционалды жүйенің орнына аралас (пропорционалды-көпшілік) жүйе бойынша өткізу ұсынылады. Президенттің айтуынша, Конституцияның 98 бабының 30-дан астамын өзгертуді және 20 жаңа заң қабылдауды талап ететін бұл бастамалар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді. Яғни елдің әл ауқатын көтеру мақсатында кейбір заңдарға толықтырулар енгізуді қолдады.

Мемлекет басшысының сөзінше жаңа реформалар жалғаса береді, бүкіл қоғамымыздың жүйесі жаңартылады. Президентіміз алғашқы қадамды жасады ендігі кезекте жаңа Қазақстанды құру үшін халықтың басшысын қолдауы және осы жолда әркімнің өз үлесін қосуы болып табылады.

Жұмаш АРЫСТАНБЕК,

Черкасск ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Мәліметпен бөлісу: