Тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5% арттырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 400 қаулысы негізінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5% арттырылады. Осы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,5%-ға өскенін ескере отырып, жиынтығында жылдық есептегенде 23%-ға артады.

Әлеуметтік төлемдерді арттыру қосымша құжаттарды қажет етпей, автоматты түрде республика бойынша 92 мыңға жуық еңбекке қабілеттілігінен айырылған азаматтарға және асыраушысынан айырылған 61 мың отбасына  жүзеге асырылады.

На основании постановления Правительства РК от 25.05.2023 г. №400
с 1 июля 2023 года размеры назначенных социальных выплат по утрате трудоспособности и потере кормильца из Государственного фонда социального страхования будут повышены на 14,5%. С учетом повышения, произведенного с 1 января текущего года на 8,5%, в совокупности размеры указанных выплат в годовом выражении увеличатся на 23%.

 Повышение будет произведено автоматически без необходимости предоставления дополнительных документов, с охватом порядка по республике 92 тыс. получателей социальной выплатыпо утрате трудоспособности и 61 тыс. семей, получающих социальную выплату по потере кормильца.

Мәліметпен бөлісу: