МАҚСАТ ЖЕБЕГЕНОВ: Жетісу облысының кәсіпкерлерін «Бизнеске Жол» жобасы шеңберіндегі талдауларымыз бен мониторингтерімізді жүргізуге тікелей қатысуға шақырамын»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департампенті жыл басынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында «Бизнеске жол» жобасын іске асырып келеді. Оның шеңберінде бизнес өкілдеріне нақты мәселелер бойынша практикалық көмек көрсетіліп, талдау арқылы жүйелік проблемалар шешілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов БАҚ өкілдерімен кездесуінде баяндады. «Ақпан айынан бастап «Бизнеске Жол» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – адал бизнестің құқықтарын қорғау. Оларға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою. Осы жоба іске қосылғаннан бері «Антикор» мен табиғи монополия, мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қолдау, білім беру, салық салалары бойынша 9 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Мәселен, негізсіз жоспарланған бизнес субьектілерін тексерулері алды алынды», — деді спикер. Сондай-ақ, облыстың 125 кәсіпкерін сыртқы жарнамаға салық төлеушілер қатарынан шығару арқылы құқықтары қорғалған. Іс жүзінде салық талап етілмейтін белгі үшін төлемдер алынып, мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен бірге фискалдық саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалды. Сонымен қатар, спикер кейбір жағдайларда кәсіпкерлердің өздері «Антикорға» жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзартудан заңсыз бас тарту, мемлекеттік сатып алу кезінде негізсіз біліктілік талаптары туралы жүгінетінін атап өтті. «Бизнеске жол» жобасы аясында біз уәкілетті мемлекеттік органдардың 2023 жылдың 1 жартыжылдығына кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспарлы тексерулеріне талдау жасадық. Нәтижесінде субъектіге барумен негізсіз жоспарланған тексерулер алынып тасталды. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай тексеруге бастапқыда қашықтықтан жүргізілмей тыйым салынады. Біздің ұсыныстарымыз бойынша 56 бизнес субъектісі тексеру жоспарынан шығарылды. Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес кәсіпкерлермен электрмен жабдықтау шарттарын қайта жасамау фактілері анықталды. Мен облыстың барлық кәсіпкерлерін белсенді азаматтық позицияны көрсетуге, талдау мен мониторингке қатысуға шақырамын», – деді Мақсат Арынханұлы.