Жастарға қалай кәсіп бастауға болады

  1. Жастарға қалай кәсіп бастауға болады?

Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында елімізде әртүрлі санаттағы кәсіпкелерді қолдау бағдарламалары қарқынды жүруде.

Оның ішінде жастарға арналған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары қандай? Ол туралы Кәсіпкер, Қоғам белсендісі Олжас Сүлейменов айтып береді.

Как молодежи начать свой бизнес?

На сегодняшний день в рамках национального проекта развития предпринимательства на 2021-2025 годы в стране активно реализуются программы поддержки различных категорий предпринимателей.

Какие программы поддержки предпринимательства существуют для молодежи? О них расскажет Олжас Сулейменов.

  • Елімізде жастарға баспаналы болудың қандай жолдары бар?

Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытудың бірыңғай моделі әзірленуде, оның негізгі қағидаты — жастардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру. Елімізде жастарға баспаналы болудың қандай жолдары бар? Ол туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Төлеутайұлы айтып береді.

Как молодежи приобрести жилье?

В стране разрабатывается единая модель развития жилищного строительства, основным принципом которой является повышение доступности жилья для молодежи.

Как молодежи приобрести жилье? Об этом расскажет депутат Мажилиса Парламента РК Даулет Толеутаевич.

  • Жастарға арналған қандай мемлекеттік бағдарламалар, гранттар мен премиялар бар?

Елімізде жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар аясы өте кең. Оның ішінде жастардың жетістіктерін  бағалауға арналған түрлі бағдарламалар, гранттар мен премияларлар бар. Олармен толығырақ танымал кәсіпкер Зарина Гусман таныстырады.

Какие государственные программы, гранты и премии существуют для молодежи?

В стране широкий спектр программ, направленных на поддержку молодежи. В том числе различные программы, гранты и премии для оценки достижений молодежи. Более подробно о них расскажет предприниматель Зарина Гусман.

  • Елімізде IT-стартаптарды қолдауға бағытталған қандай бағдарламалар бар?

Қазақстан АКТ өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялар саласында бірқатар мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады. Осындай шаралардың бірі — Astana Hub экожүйесі шеңберінде жасалатын акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар. Технопарк бағдарламалары туралы Astana Hub-тың басқарушы директоры Алина Абдрахманова айтып береді.

В стране какие программы существуют для поддержки IT-стартапов?

В целях повышения экспортного потенциала продукции ИКТ Казахстан предлагает ряд мер государственной поддержки в сфере информационных технологий. Одной из таких мер являются акселерационные и инкубационные программы, которые проводятся в рамках экосистемы Astana Hub. О программах технопарка расскажет управляющий директор Astana Hub Алина Абдрахманова.

Мәліметпен бөлісу: