Бүгінгі күні елімізде кеңінен етек жайған проблеманың бірі–жемқорлық. Бұл мәселені қозғамастан бұрын, жалпы жемқорлық деген қандай кесел екендігіне тоқталсақ. Жемқорлық, коррупция (лат. corruptio — сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жалпы жемқорлықпен күреске тек бір ғана адам емес, көпшілік болып қарсы тұру керек. Өйткені бұл асқына беретін үлкен дерт. Біз секілді жас мемлекеттің экономикасына үлкен соққы алып келетін бұл мәселе заман ағысымен өсіп-өркендеп, үлкен қаражат пен бәсекелестік бар жерде тамырын тереңге жаяды.
Сол себепті жемқорлықтың алдын алу әрбір Қазақстан азаматының басты міндеті. Ол қандай міндет? Пара беру немесе алу фактісі, белгілі бір ортада әділетсіз іс-қимыл т.б жағдайларды байқап қалсаңыз, міндетті түрде тиісті органдарға хабар беру керек. Жалпы елімізде аталған мәселеге арнайы заң бекітілген.
Сыбайлас жемқорлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жаза тағайындауда өзекті мәселелеріне тоқталар болсақ, аталған қылмыстарға тағайындалған еселенген айыппұлдарға сотталғандардың айыппұлдан жалтарған жағдайда, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған кезде ҚР ҚК-нің 41 бабы 6 бөлігі 3 тармағындағы ауыр қылмыс үшін сотталғандарға – төленбеген төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылады деген қағида басшылыққа алынады. Ермахан Шайхыұлы ағамыз «Сана жеңбегенді, Пара жеңеді» демекші санамызды пара жеңбесін!
Серік СМАҒҰЛОВ,
Көктерек ауылдық округінің әкімі.