Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 15 тамызында аудандық кітапханада өңірдегі мәдениет, спорт, жастар, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты шара өткізілді.

Жиын барысында сөз алған Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдық бөлімшесі аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков тамырын тереңге тартып, қоғамды жегіқұрттай жалмап жатқан кеселдің адамзатқа тигізер зияны мен зардаптарын жиналғандарға түсіндіріп өтті.

Мәліметпен бөлісу: