«Сарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Абай Есболатұлы Болатов

2022 жылдың 16 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы елде саяси реформа жүргізу, мемлекеттің басқару үлгісін өзгерту, сондай-ақ халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, бірқатар өңірдің ахуалын түзеу мақсатында әкімшілік-аумақтық құрылымдарды жетілдіру керегін атап өтті.
«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Менің түсінігімдегі саяси реформа – әділетті орта орнату, яғни соның жолдарын қалыптастырып, азаматтық қоғамның принциптерін ілгерілету, демократиялық институттар құру. Бұл дүниелер орнықпай, экономиканың да, мемлекеттің де дамуы мүмкін емес. Кезінде «бірінші – экономика, екінші кезекте – саяси реформа» деп айтылды. Бұл дұрыс емес еді. Қоғамда бәрі бірдей дамуы керек. Айталық, әуелі адамның басы шығып, үш жылдан кейін қолы, төрт жылдан соң аяғы өспейді ғой. Сол сияқты. Біз саяси реформа жасау жағынан кенже қалдық. Сондықтан, Мемлекет басшысының осы мәселеге баса назар аударғанына қуаныштымыз. Реформаның басталып кеткеніне биыл міне 1 жылды құрады. Қазіргі таңда, көзімізге ілінетіні ол аудан әкімдерін тікелей сайлауы. Мысалы, өзіміздің Сарқан ауданының әкімін қараша айында сайлайды. Аудан тұрғындары да осы саяси науқанға жаппай атсалысып, өздері қалаған адамды аудан басшылығында көру үшін дауыс береді деген ойдамын. Сонымен қатар, саяси партиялардың тіркелуден өту үшін партиядағы мүшелер санын 4 есеге азайту арқылы соңғы жылы 2 жаңа саяси партия пайда болғаны көңілімді көншітеді. Саяси партяның көп болуы және олардың парламент төріне өтуі ол жаңа ой, жаңа пікір жаңа толқын алып келері сөзсіз. Жасалып жатқан реформа еліміздің болашағы үшін басты бағдар болатына өзім сенім білдіремін.
