Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында халық көп шоғырланған қоғамдық орындарда Сарқан ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жан-жақты түсіндірілді.
Өңірде еріктілер белсенді қызмет жасап жатқандықтан жобаны іске асыруда өз ықпалын тигізуде. Жобаның мақсаты-белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.
Жобаға қатысу үшін Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабарласу қажет.
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі ✓36/42. Эл. пошта: jetısu@antıkor.gov.kz Тел:+7(7282) 609773,+77074796314.