
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында
аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде ел Тәуелсіздігінің кепілі – Ата заңымыздың мазмұны мен маңызы жайында мол мағлұмат берілді. Кездесуге аудандық полиция бөлімінің, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, білім беру ұйымдарының
өкілдері, белсенді азаматтық қоғам мүшелері және жастар қатысты.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімі басшысының
міндетін атқарушы Жәлел Құдияровтың модераторлығымен
өткен жиынның күн тәртібіндегі басты мәселесі бойынша аудандық
«Сарқан» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының
Конституция — келешек кепілі мүшесі Жомарт Игіман, аудандық
полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі
Жеңісбек Аятбеков баяндама жасады. Аталған баяндамаларда
қоғамның мақсат-мүдделеріне сай келетін, әділетті демократиялық
қоғамның негізі болып табылатын Конституцияның бағыт-
бағдары тақырып аясында кеңінен қамтылды. Жарыссөзге
шыққан аудандық білім бөлімінің бас маманы Диана Қали, жастар
ресурстық орталығының басшысы Бауыржан Жантасов заң ая-
сында атқарылып жатқан өрелі өзгерістерді өз сөздеріне арқау етті.
