Әр адамның таңдауы – ертеңгі қоғамның айнасы

5 қараша күні — біздің ауданда сайлау. Онда аудан тұрғындары аудан әкімін сайламақ. Бұл – біздің өңір үшін жаңалық әрі сынақ болып тұр. Өйткені аудан көлеміндегі сайлау Қазақстанда алғаш рет өтіп тұр. Жетісу облысында 8 аудан, 2 қала болса, соның ішінен таңдалып, Сар  қан және Кербұлақ ауданын тәжірбие ретінде қойғанына біз дән ризамыз. Біздің белсенділік алдағы уақыттағы сайлаулар үшін жақсы үлгі болады деп сенемін.

Биылдан бастап  аудан және қала әкімдерінің сайлауы пилоттық режімде өтеді. Ал 2025 жылдан бастап жаппай өткізіле бастайды. Осы уақытқа дейін ауыл әкімдерін сайлауына бір адамдай үйрендік. Енді осы тәжірбиені аудандық деңгейде де пайдалануымыз қажет. Біздің дауыс маңызды. Осыған орай әрқайсымыз сайлауға келіп, кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, өзімізге қолйлы адамға дауыс берейік. Әр адамның таңдауы – ертеңгі қоғамның айнасы. Еліміздің болашағын бірге қалайық!

Қадыл ЖАНАСБЕКОВ,

аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: