Орасан зор міндет жүктеліп отыр


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Дәл бүгін Қазақстанның саяси өмірінде болып жатқан қадау-қадау оқиғалар өз бастауын сол Президентіміздің саяси реформаларынан алғанын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Ең бастысы, онда мемлекет басшысы ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдер мен жаңа мемлекеттік құрылымның табантірегін белгілей алды. Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуі тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен іс-әрекеттері елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетшіл-реформатор болулары қажет. Бізге сапалы серпін керек. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет.Ол үшін бәріңізді жүйелі және тиімді жұмыс істеуге шақырамын.


А. КАСЫМОВА,
Лепсі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Мәліметпен бөлісу: